Мамандар адамзат үшін маңызды мәселені шешу үшін дәл осындай диалогтың қажет екенін айтады. Себебі журналистер проблеманы жеткізе алғанда ғана сең қозғалмақ.

Нельсон Грейвз, Reuters агенттігінің экс-журналисі /Франция/

– Біз бүгін климаттың өзгеру мәселесіне басымдық бердік. Бұл тақырып Еуропада да Батыста да жиі талқыланады. Алайда, бүгін мен сіздердің елдеріңізде де ауаға лас қалдықтар жіберілетінін естідім. Ия рас, қалалар дамып жатыр, өндіріс өсуде, автокөліктер көмірқышқыл газын бөліп жатыр ауаға. Егер ақпарат құралдары бұл проблеманы жиі көтерсе, ғаламдық мамандар назар аударатыны сөзсіз. Олар климатты сақтаудың жолдарын іздейді. Ең бастысы ақпаратты бере білу керек.