2019 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде әкім Ғабидолла Әбдірахимовтың тікелей қатысуымен қала және еліміздің экономикасы үшін маңызды оқиға - "Керуендер оралуда" ұранымен Silkway Shymkent Sumit инвестициялық - кәсіпкерлік форумы өтеді.
 
  Форумды ұйымдастырушылар: Forbes Kazakhstan және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен "SHYMKENT" ӘКК АҚ. Сонымен қатар, форум бизнес FM радиостанциясының қолдауымен өткізіледі. 
 
  Ұйымдастырушылар хабарлағандай, Silkway Shymkent Summit негізгі миссиясы: “Керуендердің оралуы” - Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығы мен мәртебесін жергілікті және шетелдік бизнесмендер мен инвесторлар үшін арттыру, мегаполистің кәсіпкерлік ортасын одан әрі даму жолдарын түсіндіру. Форум шетелдік және Қазақстандық кәсіпкерлер мен инвесторларды белсендi өнеркәсіптік активтерді  нығайтуға және Шымкент қаласының жаңа жобаларын ілгерілетуге, демек, қолда бар барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, жаңа деңгейге шығуға бағытталған.
 
  Silkway Shymkent Summit алаңында Қазақстандық танымал кәсіпкерлер  өздерінің тәжірибелері мен бизнесті дамыту стратегияларымен бөліседі. Олардың ішінде: Айдын Рахымбаев, Райымбек Баталов, Серік Түлбасов, Исламбек Салжанов, Эдуард Ким, Андрей Лаврентьев, Рамиль Мухоряпов, Иван Каменский, Қайрат Құдайберген, Бейбіт Әлібеков, Арманжан Байтасов, Ларион Лян, Дана Орманбаева, Қайрат Мажибаев және Махмуд Шадиев.
Форумның арнайы қонақтары: Серікжан Сейтжанов пен Марат Шотбаев.
 
  Форумда бизнесмен- спикерлер мен мемлекет қайраткерлерiнің қатысуымен ең өткір тақырыптарды талқылауға арналған панельдік сессиялар өтеді:
- Қазақстандағы e-commerce дамуы;
- Қазақстандағы медианың дамуы;
- Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту;
- Орта және ірі бизнес мәселелері.
silkwaysummit.kz, instagram: silkway.summit.