Түрлі жерлерден келген адамдарға лық толы зал, қызықты тақырыптар туралы көрікті презентациялар, жас кәсіпкерлердің жанып тұрған көздері, бизнес жайлы жүздеген сүрақтар, кофе-брейк кезеңінде талқыланған жаңа жобалар менен идеялар – дәл осылай Қазақстанның экономикалық маңызды оқиғаларының бірі болды. 18 сәуірде Шымкент қ. Rixos Khadisha Shymkent қонақ-жайында Керуендер оралады ұранымен Silkway Shymkent Summit инвестициялық-кәсіпкерлік форумы өтті.

Форум ұйымдастырушылары: Forbes Kazakhstan және АҚ ӘКК «SHYMKENT». Және де Шымкент әкімшілігі мен  FM радиосының қолдауымен.

Шымкент қаласының әкімі Габидулла Абдрахимов – инвестициялық-кәсіпкерлік форумын ашып, Қазақстанның үшініші мегаполисының әлеуметтік-экономикалық даму келешегін  - кәсіпкерлер мен инвесторларға, қатысушыларға таныстырды. Әсіресе, 2019-2020 жылдары арасындағы әйелдер мен жастар кәсіпкерліктерінің даму жоспарымен бөлісті. «Бизнес-супермаркет» атты кәсіпкерлерді қызмет көрсету орталығымен таныстырды. Шымкенттің негізігі жобаларын атады, соның ішінде: арнайы экономикалық аймақ «ОҢТҮСТІК», «ЖҰЛДЫЗ» индустриалды аймағының құрылуы, «SHYMKENT» агро-индустриалды аймағы, аэропорттың толықтай жаңартылуы, теміржол вокзалының реконструкциясы, конгресс-орталығының құрылуы, Қажымұқан атындағы орталық стадионының реконструкциясы, Шымкент «ЦИТАДЕЛЬ»-дің жаңартылуы, «ҚОШҚАР-АТА» өзенінің, «АРБАТ»-тың, «SHYMKENT CITY» көріктенуі, көліктік инфрақұрылымның дамуы.

Айдын Рахимбаев өз кезегінде, Шымкент – мүмкіншіліктер қаласы екенін, соныменен қаланың нақты құндықтары мен жылжымайтын мүліктің мүмкіншіліктер анализын атап көрсетті. Форум қатысушылары дамушы қаланың қызықты құрылыс жобалары және де олардың нақты сандық көрсеткіштерімен(құрылыс мерзімі, құны) танысты. 

Раимбек Баталов Қазақстанда МБС-ритейл-дің мүмкіншіліктері: сауда саласын менен қызмет көрсету аясындағы мән-жайды айтып кетті. Спикер кәсіпкерлікке көмек пенен демеу болатын экосистеманың анық көрінісін белгіледі.

Серік Тульбасов SHYMKENT PLAZA 2 өткен жылының қаржы көрсеткіштерін келтіре отырып, 2019 жылға оптимистік болжам берді.

Уалихан Ахметов YPO (Young President’s Organization) атты жас лидерлердің ұйымдастырулуы жайлы айта кете, оның бизнес дамуының, әсіресе өршіл жас кәсіпкерлерге, елдің экономикасын жоғары деңгейде дамытуының мүмкіншіліктері туралы айтып жеткізді.

Эдуард Ким 2019 жылы Шымкентте «Технодом»-ның даму жоспарын және де оның қаладағы инвестициялық-кәсіпкерлік климатына әсерін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық аспектілерді қамтитын, жақын мезгілге компанияның негізігі жоспарларымен таныстырды.

Андрей Лаврентьев ҚР көлік өнеркәсібінің даму мүмкіншіліктері, негізінен Қазақстанда электрокөліктерң, электр автобустар менен ЭҚС(электр құю станциясы) инфрақұрылымының құрылысы аса үлкен мән беріп,  өз эксперттік ой-пікірін айта кетті.

Күннің екінші жартысында алды тақырыптардың белсенді талқылауларына толы болды. 4 панельды сессиялар өтіп, түрлі спикерлердің қатысумен қызықты да көңілді өтті:

«E-commerce-тің Қазақстанда дамуы» панельді сессиясы сөз сөйлеуімен Рамиль Мухоряповтің басталып, тыңдаушылардың толық назарын алып, Орталық Азияда ең үлкен е-commerce холдингінің құрылу жолы жайлы және де мысалдар мен даму барысын тездету амалдарын айтып өтті. Иван Каменский «ақылды» қала технологияларының жарнамасыменен бизнеске тиесілі көмегін айтып, жоспарлармен бөлісіп, осы технологиялардың Шымкентте мүмкіншіліктерді дамытуын ұсынды.

 «Қазақстанда медианың дамуы» панельді сессиясын Арманжан Байтасов Forbes Kazakhstan ашылуының алғашқы кезеңінің қиыншылықтарыменен бөлісіп, блогер не вайнер -  медиа мүшесі қолыңдағы ұялы телефонменен бола алу мүмкіншілігін және де тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді.  Бейбіт Алибеков өзінің журналист болу тарихыменен, өзінің медиа құрылу барысын,  AIDA техникасыменен тексттердің дұрыс жазылуы арқасында аумақтық сұранымдардың қамтуын, жеке брендты дамытуын және де жағдаяттық маркетингті қолдану туралы мағлұматтармен бөлісті. Ларион Лян «Основатели» (Қалаушылар) жобасын таныстырды: оның мақсаты – бір мезетте кіші табысқа әкелетін жобаларға емес, келешекте үлкен табысқа әкелетін жобаларға қаржы салу. Рауана Кокумбаева өзінің ой-пікірлерімен және амал-тәсілдерімен, YouTube-ті қолдануда бизнесті құру тиімділігімен, жеке брендінің дамуы мен нетворкинг туралы сөз қозғады.

 «Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы» панельді сессиясы қызықты өтті. Бірінші болып Дана Орманбаева лидердің псевдо лидердан айырмашылығын, жұмыста ағынды күйге түсу, «күйреу теориясы» жайлы айтты. Архабаева Алма «Ел экономикасының дамуындағы әйелдердің рөлі» тақырыбын, әйелдер кәсіпкерлігінің дамуындағы тендецияларын қызықтыратын статистикалық мәліметтермен ортақтасты. Лугина Светлана хоббидің бизнес көзіне айналу өз тарихымен бөлісті. Насырова Гаухар тәжірибелік құралдарын, брендті құру мен оны дамыту жайлы сөйледі. Бекбосынова Қарлығаш ұлтты сауықтыру бағытында Шымкенттегі өзінің фитнес-бизнесі мен «Shymkent Marathon» жобасымен таныстырды.

 «Орта және үлкен биснестерінің мәселелері» панельді сессиясы мықты эксперттер-бизнесмендерді және өте қызыққан аудиторияны жинады. Спикерлер мен сессияның қатысушылары арасындағы тілдесуі сұрақ-жауап форматында өтті. Серік Тульбасов СО «Dostyk Plaza»-ны құру жобасының күрделі жұмыс тәжірибесімен, кризис кезеңіндегі бизнесте болатын қиыншылықтарымен бөлісіп, кәсіпкерлерге құнды кеңестерін берді. Кайрат Мажибаев Қазақстанда жас кәсіпкерлердің түгелімен емес кейбір жобаларының инвестициялануы мен қолдау алуы, өзінің реализациясы  тек профессионал ретінде ғана емес, адам ретінде болу қажеттігін түсіндірді. Андрей Лавреньтев қазақстанның көлік рыногындағы жағдаяттар  мен сұрақтарға жауап беріп, оған өткен кризистің әсері, көлік өндірілуінің күрделілігі, электркөліктерінің Қазақстанда шығарылуы, эконимикада осыған байланысты болатын өзгерістер жайлы айтып өтті. Махмуд Шадиев «Беккер және К» комапаниясында жұмыс барысында алған тәжірибиесі,  Қазақстан рыногының органик-культураға алмасауының күрделілігін айтып берді. 

Күн бойы қонақтар мен қатысушыларға арналған нетворкинг-брейк 2 рет болып, спикерлермен жеке сөйлесу барысыменен оларға сұрақ қойып, жобалар менен форумдағы басқа да қатысушылардың идеяларын талқылады.