Біздің қоғамға сапалы журналистика керек. Бірақ ол өздігінен қалыптаспайды немесе билік қандай заң қабылдаса да, жоғарыдан берілетін бұйрықпен де шешілмейді. Қазақстандағы журналистиканың деңгейін тек журналистер өздері ғана көтере алады, сонымен бірге елдегі журналистер қоғамдастығы әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі ұстанатын жалпыға ортақ стандарттардың сақталуына да жауапты болуы тиіс. Журналистер ғана емес, медиа саласының өзге өкілдері де жұмыс барысында кәсіби және этикалық принциптерді мұқият сақтауы тиіс. 
 
Әлеуметтік желінің дамуы мен ақпарат таратудың жаңа жолдары дамыған уақытта негізгі принциптер деген – кәсіби стандарттар мен кәсіби этика талаптарын мейлінше дәл беретін қағидалар. Осы негізгі принциптер Қазақстандағы медиа сүйенетін жаңа өзін-өзі реттеу жүйесінің негізі болмақ. Басқа айтқанда, медиа қызметінің дәлме-дәл белгіленген принциптері мен өзін-өзі реттеу тетіктері болуы өте маңызды, бұл тек кәсіби журналистерді ғана емес, сонымен бірге азаматтық журналистерді, осы принциптерді сақтайтын медиа саласының өзге де өкілдерін қорғауға мүмкіндік береді. 
 
Негізгі принциптерді сақтау тек қана ерікті түрде жүзеге асады, бұл принциптер еліміздегі сөз бостандығын шектемейді немесе оған басқалай зиян келтірмейді. Керісінше, Негізгі принциптердің болуы және оны сақтау медиаға сенімді арттырып, билік органдары, БАҚ қожайындары немесе аудитория тарапынан болатын қысымнан қорғайтын қосымша механизм болмақ. 
 
Біз Қазақстанның медиа қауымдастығын осы Негізгі принциптерді талқылау және жазу ісіне белсене қатысуға шақырамыз. Қазақстанның әр азаматы ұсынысын айтып, құжатты талқылауға қатыса алады. 
 
Ұсыныстарыңызды media.principles.kz@gmail.com поштасына жолдаңыздар, жұмыс тобы оларды қарастырады. Google Docs: https://docs.google.com/document/d/1Ue6tIvN5BuxexKEv-D7RGyZEAe8ZJx2E-BHg023-E9s/edit