Нұртөре ЖҮСІП
 
Алда үлкен жұмыс тұр
 
«Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің І құрылтайы да өтті. Құрылтайға қатысқан азаматтарды, ұйымдастырушыларды, сондай-ақ  Арманжан Байтасовты   басқарма төрағасы болып сайлануымен құттықтаймын!  , Ерлан Бекхожин, Ерлан Қарин, Айдар Жұмабаев, Шамшидин Патеев, Арман Шораев,  Нұржан Мұхамеджанова, Батыр Қазыбаев, Дана Орманова, Виктор Кияница, Михаил Дорофеев, Бейбіт Әлібеков, Асқар Омаров сияқты бастамашыл топтың ендігі қадамына Қазақстан медиақауымдастығы үлкен үмітпен қарап отыр. Ақпарат және коммуникация министрлігімен тығыз байланыс жасалуы керек. 
 
Михаил Дорофеевтің «БАҚ туралы» Заң жобасына қатысты ұсыныстарын сьезде тыңдадық. Нақты, дәлелді ұсыныстар бар. Алдағы уақытта, заң жобасын Парламентте тыңдау кезінде сол ұсыныстардың қабылдануына күш салған дұрыс деп есептеймін.
Журналистердің  проблемасы  аз емес. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы сын көтермейді. Баспана мәселелсін қалай шешуге болады? «Нұрлы жер» бағдарламасына жоба жасап, Үкіметке ұсынсақ қалай болады?
 
Аймақтық БАҚ өкілдері маған хабарласып, МедиаАльянс жұмысына қалай қатыса аламыз деп сұрап жатыр. Аймақтық журналистика мәселелері бойынша арнайы жиналып, талқыға салу қажет шығар.
Қазақтілді БАҚ өкілдері аңысын аңдап отырған тәрізді. Белгілі бір тұрғыда жаңа нәрсенің бәріне консервативтік көзқараспен қарайтындардың бар екенін жақсы білемін. Бұл бағытта да жүйелі жұмыстар күтіп тұр.
 
Қысқаша осы.
Қалай болғанда да ұйым құрылды. Жоба-жоспар жасап, негізгі жұмыстарды жүйелі арнаға түсіріп алу қажет.