Ресей командасы АҚШ-тан 4:3 есебімен басым түссе, Канада хоккейшілері овертаймда Швейцариядан айласын асырды. Есеп:3:2. Финляндия ширек финалда қазіргі әлем чемпиондары Швецияның осал тұсын тапты. Қосымша уақытқа дейін созылған матчта 5:4 есебі тіркелді. Чехия 5:1 нәтижесімен Германияны жеңді. Жартылай финал ойындары ертең өтеді. Ресей Финляндиямен айдынға шықса, Канада Чехиямен финалдық жолдаманы сарапқа салады.